Болгариядағы турнир: Абылайхан Жүсіпов «алтынға» таласа алмайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Абылайхан Жүсіпов бокстан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінде финалында шаршы алаңға шыға алмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Абылайхан алған жарақатына байланысты финалға қатыса алмайтын болды. Ол жартылай финалда 69 келіде украиналық Евгений Барабановтан 5:0 есебімен басым түскен еді. Біздің боксшы 1/8 финалдық кездесуде косоволық Бехрами Патриотаны 5:0 есебімен жеңді. Ал ширек финалда Абылайхан Жүсіпов (69 кг) ресейлік Шахабас Махмудовты қапы қалдырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын алты қазақстандық боксшының ширек, кейін бесеуінің жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, бес боксшының финалда екені хабарланды.

Аталмыш турнирге біздің боксшылар бұдан бұрын да қатысқан. Былтыр қазақстандық былғары қолғап шеберлері 1 алтын, 4 қола медаль алып қайтқан еді.

Соңғы жаңалықтар