Болгариядағы арулар байқауына ел атынан үш жасар Айару қатысады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Үш жасар Айару Амангелді еліміз бойынша барлық сұлуларды артқа тастап, Болгарияда өтетін халықаралық байқауға жолдама алды, деп хабарлайды tv.ekaraganda.kz.

«Кішкентай мисс Қазақстан» байқауының жеңімпазы Айару Амангелді небәрі 3 жаста, соған қарамастан сахнадан қорықпайды. Бір жылдан бері модельдер мектебіне барады. Байқау кезінде өзінің жарқын бейнесімен жұртты таңғалдырды.

Алматыда өткен байқауға 3 пен 17 жас аралығындағы кішкентай сұлулар қатысты. Сайыс үш кезеңде өтті. Атап айтқанда, ұлттық киім, сән қойылымы, кешкі көйлек дефилесі және өнер көрсету.

«Кішкентай мисс Қазақстан 2018» байқауының жеңімпазы Айару енді тек Теміртауды ғана емес, күллі Қазақстанды Болгарияда өтетін халықаралық байқауда танытпақ. 

Соңғы жаңалықтар