Болгарияда жолаушылар пойызы өртеніп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Болгария астанасы Софиядан Горна Оряховица қаласына бара жатқан жолаушылар пойызы елдің солтүстік-батысындағы Роман қаласының маңында өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Nova TV телеарнасына сілтеме жасап.

Алдын ала деректерге қарағанда, локомотивте жергілікті уақытпен 20:00 шамасында өрт тұтанған. Машинистер шұғыл түрде пойызды тоқтатып, отты сөндіруге кіріскен. 300-ге жуық жолаушының барлығы эвакуацияланды. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

Оқыс оқиғаның егжей-тегжейі тексеріліп жатыр.

Фото: Global Look Press/Hristo Rusev

Соңғы жаңалықтар