Болгарияда туристер автобусы апатқа ұшырап, 45 адам қаза тапты

None
None
СОФИЯ. ҚазАқпарат – Солтүстік Македонияның туристік автобусы Болгарияның батысындағы автомагистральда апатқа ұшырап, өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан кем дегенде 45 адам қаза тапты. Құрбандардың арасында балалар да болған. Күйік шалған жеті адам ел астанасының ауруханасына жеткізілді.

Апат шамамен түнгі сағат 2 кезінде болған. Қазіргі кезде апат орны қоршауға алынған.

Қаза болғандардың көбі Солтүстік Македония тұрғындары.

Сурет: darik.news


Соңғы жаңалықтар