Болгарияда су тасқынынан төрт адам қаза тапты

None
Фото: Pexels
АСТАНА.ҚазАқпарат – Болгарияның оңтүстік жағалауындағы су тасқыны салдарынан төрт адам қаза тапты. Оларды толқын теңізге тартып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Ел үкіметі зардап шеккендерге қаржылай қолдау көрсететінін айтты.

Аймаққа жауған нөсер жауын салдарынан екі бөгетті су басып, ағын су көпірлерді бұзып әкетті.

1000-ға жуық адам қиын жағдайда қалды.


Соңғы жаңалықтар