+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Болгарияда Астана көшесі ашылды

2018 жылғы 29 желтоқсан 21:25
Бөлісіңіз:
Болгарияда Астана көшесі ашылды

СОФИЯ. ҚазАқпарат - Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Софияда «Астана» көшесінің ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға Болгария Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, «Қазақстанмен достық үшін» парламенттік тобының мүшесі - депутат Борис Янчев, София қаласы мэрінің орынбасары Дончо Барбалов, София облысының мэрі Илиан Тодоров, Қалалық Маслихат кеңесшісі Симеон Славчев, Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасының жаттықтырушысы Станимир Стоилов, бокстан әлем чемпионы Кубрат Пулев, дипломатиялық корпус, Болгарияның іскер, ғылыми, сарапшлық топтарының және БАҚ-тар және қазақ диаспораның өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ҚР Болгариядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Теміртай Ізбастин Астана қаласының даму тарихы туралы жан-жақты айтып берді. Өз кезегінде, София қаласы мэрінің орынбасары Д.Барбалов «Астана» көшесі Софияның ең әдемі орындарының бірінде орналасқандығын атап өтті.

Шара аясында белгілі Болгар композиторы мен әншісі Орлин Горановтың орындауында «Астана» атты әні шырқалды.

Атап кетерлік жайт, «Астана» көшесі София орталығында «Болгария» даңғылының қасында орналасқан.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT