+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Болгарияда Абай мен әл-Фарабидің құрметіне мерейтойлық пошта маркалары шығарылды

2020 жылғы 21 қараша 18:26
Бөлісіңіз:
Болгарияда Абай мен әл-Фарабидің құрметіне мерейтойлық пошта маркалары шығарылды

СОФИЯ. ҚазАқпарат – Болгария Халық жиналысының ғимаратында Әбу Наср әл-Фарабидің 1150-жылдығына және Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған марканы шығарудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлдық отбасы Орталық саябақтағы ескерткішті өз күшімен сырлап шықты Қарағандылық шебер Еуразиялық дизайнерлер одағының халықаралық көрмесіне қатысты Шанхайда тұңғыш рет Абай оқулары өтті

Пошталық марканы шығару жобасы Қазақстанның Софиядағы Елшілігінің бастамасымен «Болгария поштасы» ақционерлік қоғамы жүзеге асырды.

Іс-шараға Қазақстанның Софиядағы Елшілігінің өкілдерімен қатар Халық жиналысының төрайымы Цвета Караянчева, «Қазақстанмен достық үшін» парламентік тобының төрайымы Даниэла Дариткова, Сыртқы істер министрінің орынбасары Милен Люцканов, Көлік министрінің орынбасары (пошта саласына жауапты) Андреана Атанасова , «Болгария поштасы» ақционерлік қоғамының Бас директоры Деян Дынешки, сондай-ақ әр түрлі саяси партиялардан парламент депутаттары қатысты.

Ц. Караянчева өз сөзінде Қазақстан мен Болгария арасындағы қатынастардың жақсы дамып келе жатқанын атап өтіп, іс-шара екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың тағы бір мүмкіндігі болғанын хабарлады. Сонымен бірге, ол Елшілігіккее аталған ұлы тұлғалармен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Жалпы, өткізілген іс-шара болгар аудиториясын Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік ұсынды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында философия ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жақыпбек Алтаевтың болгар тіліне аударылған әл-Фараби туралы жаңадан шыққан кітаптың тұсаукесері өтті.

Соңында Қазақстан Республикасының Елшісі қонақтарғ аталған жаңа кітап пен Абайдың «Қара сөздер» болгар тіліндегі басылымын, және «Құнанбай» фильмімен (болгар тілінде) DVD табыстады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT