+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Болгарияда Абай барельефі ашылды

2020 жылғы 11 тамыз 22:11
Бөлісіңіз:
Болгарияда Абай барельефі ашылды

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Болгарияның Свети Влас қаласындағы танымал тұлғалар аллеясында Абай барельефі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.Шара Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің бастамасымен, сондай-ақ «Память Болгарии - братьев Диневи» атты қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Ұқсас жаңалықтар
Абай мерейтойы: Ел өңірлері Семей қаласын абаттандырып жатыр Францияда Абай мұрасын насихаттап жүрген қазақ қызы мәдениет саласының үздігі атанды Румынияда Абайдың бюсті ашылды

Іс-шараға Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Теміртай Ізбастин, Болгарияның бұрыңғы Сыртқы істер министрі және жергілікті атлантикалық клубының жетекшісі Соломон Пасси, Свети Влас қаласы әкімшілігінің (Мэрия) өкілі, «Память Болгарии - братьев Диневи» атты қорының басшылары Динко және Йордан Диневтар, Болгар телеграф агенттігінің төрағасы Максим Минчев, Болгария СІМ жанындағы мәдени орталығының басшысы Снежана Йовева, тарихшы және этнограф Стоян Райчевский және отандастарымыз қатысты.

Іс-шараны ашу барысында Елші Абайдың 175 жылдық мерейтойы тек Қазақстанда емес, әлемнің көптеген елдерінде тойланып жатқанын және Абай қазақ ұлты жаңа әдебиетінің негізін қалаушысы, орыс көрнекті ақындары А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, И.Крыловтың шығармаларын аударушы және композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғандығын, сондай-ақ барельефтің ашылуы екі ел арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына септігін тигізетінін атап өтті.

Болгарияның тарихшысы және этнографы С.Райчевский Абай Құнанбайұлы тек Орта Азиядан емес, жалпы әлемде белгілі, әмбебап тұлға деп атап өтті. Сонымен қатар, Абай барельефі Васил Левски, Христо Ботев, адмиралдар Федор Ушаков және Горацио Нельсон, Ганс Христиан Андерсен, Джузеппе Гарибальди, Джанюариус Магкахан, Шандор Петефи, француз маршалы Филипп де Клерк, Фридрих Шилер сияқты басқа елдердің танымал тұлғалардың барельефтері арасында өзінің лайықты орнын тапқанына тоқталып өтті.

Йордан Динев Болгарияда Абайдың барельефін орнатуға байланысты ризашылығын білдіріп, Абай барельефінде жазылған 37 қара сөз – «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» – бүгінгі күнге дейін өзекті екендігін жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT