Болгария турнирі: Қазақстандық боксшылар 6 медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Болгарияда бокстан «Странджа-2021» халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан қыздар құрамасының спортшылары соңғы жарыс күнінде 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Валентина Хальзова 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, турнир «алтынын» иеленді.

51 келіде сынға түскен Ангелина Лукас пен 75 келіде шаршы алаңға шыққан Надежда Рябец ел қоржынына қос күмісті салды.

Карина Ибрагимова қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, ерлер құрамасынан Бейбарыс Жексен мен Нұрқанат Райыс Болгарияда өткен халықаралық доданың қола жүлдегерлері атанған болатын.


Соңғы жаңалықтар