БӨЛЕКЕЙ ХАН

None
None
Бөлекей Ерәліұлы (т.ж.б.-1808) - сұлтан, Кіші жүз ханы. Әбілхайыр ханның немересі, Ерәлі ханның баласы.

Сырдарияның төменгі ағысы мен Ырғыз өзендерін мекендеген Шөмекей руының 4 мыңға жуық отбасы және Жаңадария өзенінің жағалауындағы қарақалпақтар Бөлекей Ерәліұлының қол астында болған.

Ол 1770 жылы Қайып ханның ұлы Жаһангер (Жәңгір) Хиуа тағынан тайдырылғаннан соң, жергілікті ықпалды топтың қолдауымен Бөлекей Ерәліұлы оның орнына таққа отырады. Бірақ бір айдан кейін әмір Мұхаммед Әминнің тегеуірінімен Бөлекей хан Хиуадан қуылып, әкесі Ерәліге жіберілген.

1780 жылы Бұхар әмірінің қолдауымен Кіші жүздің Шөмекей руының және қарақалпақтардың басым бөлігінің ханы болып сайланған. Ол өзінің билігі кезінде орыс шекаралық өкіметімен байланыс жасамауға тырысқан. Бөлекей ханның төрт ұлы болған. Олардың ішінде Қасым мен Сауқым мұрагерлік жолмен хан сайланған.

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 2 том.

Соңғы жаңалықтар