Болат Жәмішев Ұлттық конькишілер федерациясын басқаратын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстандағы Ұлттық конькишілер федерациясының жаңа президенті болып Болат Жәмішев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерация сайтына сілтеме жасап.  

Болат Жәмішев 2012 жылдан бері ҰКФ құрметті президенті болып келеді. Ол  конькишілер жарыстарына қатысып, спорт шебері деңгейінде өнер көрсеткен.

Федерацияның вице-президенті болып, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков тағайындалды.
null 

Жуықта федерация конькимен жүгіру және шорт-трек бойынша әлем кубоктарын Қазақстанда өткізуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанның  Ұлттық конькишілер федерациясы 2011 жылы құрылып, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және конькимен жүгіру сияқты үш Олимпиада ойынына жетекшілік етті. Федерацияны 2012 жылдан бері басқарған Василий Крылов жалпы отырыстың шешімі бойынша құрметті президент қызметіне ауысты. 

Соңғы жаңалықтар