Болат Тілепов сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық түсіндіру шараларын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов ведомствода сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ақпараттық қолдау қадамдары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - ол барлық мемлекеттік органдарға ортақ міндет. Осы бағытта біздің министрлікте бұл жұмыстарға үлкен басымдық берілген. Біріншіден, министрлік жетекшілік ететін салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бекіткен болатынбыз, яғни ведомствоға келген әрбір жаңа қызметкер осы стандарттармен танысып, ондағы қағидаттарды орындауға міндеттеледі. Бұдан бөлек, министрліктің және оның тиісті құрылымдары жұмысына қатысты жемқорлыққа қарсы жоспар жасалып, бекітілді. Бұл жоспар ақпараттық түсіндіруден бастап, жалпы құқықтық ықпал ету шараларын қамтып отыр», - деді вице министр әлеуметтік желідегі anticorruption.kz парақшасында өткен талқылауда.

Сонымен қатар Б. Тілепов министрліктің қатысуымен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысын жалғастырып жатқанын еске салды.

«Осы жоба аясында үлкен нәтижелерге қол жеткізіліп жатыр. Бұдан бөлек, министрлік жұмысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингілерді кеңінен жүргізудеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болғандықтан, бұл жұмыстарға қоғам өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды кеңінен тартуға тырысамыз. Бұл тұрғыда бізде серіктестік негіздегі жұмыс жолға қойылған», - деді ол.

«Жалпы, осы саладағы нәтижелердің бірі – министрлік жұмысының ашықтығы. Ашықтық принципін кеңінен қолданып келеміз. Барлық талқылау жұмыстары онлайн форматта өтіп жатыр. Осы ретте, министрдің бастамасымен тұрақты жұмыс істейтін «дөңгелек үстел» отырысы (онлайн режимде) ұйымдастырылып отыр. Бұл талқылауларға қоғамдық белсенділер өзекті мәселелерді, соның ішінде ведомствоға қатысты тақырыптарды ашық қарастырады», - деді Болат Тілепов.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек қана мемлекеттік органдардың күшімен шешілмейді. Осы орайда қоғамның белсенді мүшелері ретінде үкіметтік емес ұйымдардың көмегі зор.


Соңғы жаңалықтар