Болат Тілепов: Өзара көмек пен әріптестік – азаматтық қоғам құрудың басты талабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтық қоғам құрудың негізгі талабы – өзара көмек пен әріптестік. Бұл пікірді Донорлар форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Азаматтық қоғамның дамуындағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі – қашанда өзекті тақырып. Бұл орайда, күн санап жаңарып жатқан қазіргі кезең үшін қоғамдық ұйымдардың рөлі тіпті де ерекше. Әрине, бұл ретте қоғамның әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешудегі мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ғана емес, халықаралық ұйымдар мен бизнес өкілдері арасындағы да әріптестікке артылар сенім зор. Өйткені, өзара көмек пен әріптестік – бәріміз мақсат еткен Азаматтық қоғам құрудың негізгі талабы», - деп атап өтті Б. Тілепов «Қазмедиа» орталығында өткен форумның ашылуында.
Спикер биыл елдегі үкіметтік емес секторды дамытудың жаңа векторын қамтитын Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы қабылданғанын еске салды.
«Оның басты мақсаты – азаматтық қоғамды дамытуға қолайлы жағдай жасау және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді жолдарын қамтамасыз ету. Концепцияда халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту, қайырымдылық қызметке қатысатын бизнес-құрылымдар мен азаматтар үшін әлеуметтік және экономикалық шаралар қабылдау арқылы қайырымдылықты ынталандыру мәселелері қамтылған», - дейді вице-министр.
Айта кетейік, форумды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастырған. Форум қорытындысы бойынша Қазақстанның IX Азаматтық форумының қарар жобасына ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленеді.
Бұған дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет «Қайырымдылық туралы» заңға енгізілетін өзгерістерді айтып берген еді.
- Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылады
- Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды
- Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарды
- 2020 жылы әкімшілік істер бойынша қанша айыппұл салынды
-
Карантин: Алматыда екі бір тәулікте 370 кәсіпкерлік нысан тексерілді
-
Улы өрмекшілер: Елордада ерекше көрме өтіп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам