+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Болат Мажағұлов жаңа қызметке тағайындалды

2020 жылғы 25 мамыр 18:45
Бөлісіңіз:
Болат Мажағұлов жаңа қызметке тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Болат Бауыржанұлы Мажағұлов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті қызметіне тағайындалды Қазақстанда апта ішінде орын алған кадрлық тағайындаулар Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына жаңа басшы келді

Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің бірінші санатты әртісі болып бастаған.

2002 жылдан 2007 жыл аралығында Мемлекеттік филармонияда, «Ұлан» ұлттық гвардиясында, Астана қаласы «Наз» мемлекеттік халық театры» МКҚК еңбек етті.

2007-2008 жылдары Астана қаласы Мәдениет басқармасының құрылымында жұмыс істеді.

2009 жылдан 2010 жыл аралығында Бейбітшілік және келісім сарайының директоры болды.

2010 жылдан 2015 жыл аралығында Астана қаласы Мәдениет басқармасын басқарды.

2015-2018 жылдары — Астана қаласы Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы.

2018-2019 жылдары — Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2019 жылдың 29 шілдесінен бастап қазірге дейін Нұр-Сұлтан қаласы ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT