Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығын басқарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия чемпионатының қола жүлдегері,  бразилиялық джиу-джитсуден көк белбеудің иегері Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығының президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсерлерінің кезектен тыс конференциясында қауымдастықтың жаңа президенті болып сайланған.

"Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығы елімізде аталмыш спорт түрін дамыту мақсатында құрылды. Қауымдастық қызметі Қазақстанның ұлттық комитетімен танылып, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетімен аккредиттелген. Сонымен қатар, Қауымдастық Халықаралық джиу-джитсу федерациясының (JJIF) мүшесі болып табылады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қауымдастық құрамына Қазақстанның 16 облысының және Астана мен Алматы қалаларының федерациялары кіреді. Он мыңнан аса спортшы, жаттықтырушы және спорттық төреші Қауымдастыққа мүше болып табылады. Джиу-джитсуден ұлттық құрама халықаралық аренада жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, сәтті өнер көрсетуде. Қазіргі кезде спортшылар Джакартадағы (Индонезия) Азия ойындарына дайындық үстінде 

Соңғы жаңалықтар