Болат Кальянбеков «Алматы» телеарнасына басшы болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы соттың бұрынғы баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков «Алматы» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болат Кальянбеков 1979 жылы туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттану» және Қазтұтынушылародағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мәдениет және ақпарат министрлігінде әр жылдары қатардағы маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы, сондай-ақ, ақпарат және архивтер комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің ақпараттық сала секторының инспекторы әрі жетекшісі болды. Қарағанды қаласының ішкі саясат департаментінде және ақпарат басқармасында еңбек еткен. Қарағанды облысының Саран қаласы әкімдігінде жастар саясаты мәселесімен айналысқан.

«Алматы» телеарнасының Бас директоры қызметін атқарып келген Әлібек Әлденей басқа жұмысқа ауысты.

«Алматы» телеарнасы 1999 жылы 14 сәуірде құрылған. Телеарна 2016 жылы республика аумағындағы міндетті телеарналар тізіміне енген, сондай-ақ, ұлттық оператор арқылы еркін таралуға рұқсат алған. Жалпыреспубликалық рейтинг бойынша «Алматы» телеарнасы алғашқы ондыққа кіреді.

Соңғы жаңалықтар