Болат Байшуақов Қазақ газ өңдеу зауытына басшы болды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС (ҚазГӨЗ) директоры болып Болат Байшуақов тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚазМұнайГаз компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Б. Байшуақов осыған дейін ҚазГӨЗ бас инженері — директордың орынбасары лауазымдарын атқарып, зауыттың өндірістік қызметін ұйымдастыруға жауапты болды.

«ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ құрылымында жұмыс тәжірибесі бар, онда ҚазГӨЗ-дің өндірістік қызметіне жетекшілік етті. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде 20 жылдан астам жұмыс істеп, еңбек жолында технологиялық қондырғылар операторынан кәсіпорынның бас технологына дейінгі барлық сатыдан өтті.

Ал «Қазақ газ өңдеу зауытының» бұрынғы бас директоры Нақберген Аманбайұлы Төлепов ҚазГӨЗ директорының орынбасары — Жаңаөзен қаласында салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының дирекция басшысы лауазымына ауысты.


Фото: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар