Болат Бақауовтың үйіне бақылау орнатылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Лауазымын асыра пайдаланғаны үшін айыпталған Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың үйіне бақылау қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР ҚПК талаптарына сәйкес экс-әкімге қатысты бұлтартпау шарасы үй қамауында ұстауға өзгертілді.

«Айта кетсек, Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды, тергеу құжаттарына қол жеткізе алмайды және қылмыстық істі объективті тергеуге кедергі бола алмайды. Қамауда болғанына байланысты денсаулығы нашарлап кетті», - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі тілшілерге.

Осы жағдайларды, сондай-ақ Болат Бақауовтың Павлодарда тұрғылықты жері бар екенін, бұрын сотталмағанын ескере отырып, сот бұлтартпау шарасын жеңілдету туралы шешім қабылдады.

Сот отырысына қатысқан Павлодар облыстық прокуратурасының прокуроры бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шешімді қолдады.

«Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу органының бұлтартпау шарасын үй қамауына өзгерту туралы өтініші қанағаттандырылды. Қаулыға шағым түскен жоқ», - деп толықтырды соттағылар.

Бұрын хабарланғандай, Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының 18 ақпандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығымен келісілген жедел тергеу тобы басшысының Павлодар облысының бұрынғы әкімі Б. Ж. Бақауовқа қатысты ҚК 362-бабының төртінші тармағында (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) көзделген қылмысты жасағаны үшін күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініші қанағаттандырылды.

Бұрын қабылданған қамауда ұстау шарасы үй қамауына өзгертілді.

Болат Бақауов ҚПК 146-бабының екінші тармағында көзделген ережелерді сақтайды: тұрғынжайдан барлық уақытта немесе белгілі бір уақытта шығуға тыйым салынған, осы бөліктің 5 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, телефонмен сөйлесуге, хат-хабар жөнелтуге және байланыс құралдарын пайдалануға шектеу қойылған.

Белгілі бір адамдармен араласуға және кімді болса да үйінде қабылдауға тыйым салынған. Бақылау мақсатындағы телефон қоңырауларына немесе өзге де бақылау сигналдарына жауап бере алады. Анықтау органына немесе күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын басқа да органға телефон шалу немесе оларға белгілі бір уақытта жеке өзінің келу міндеттерін жүктей алады.

Еске сала кетсек, ҚР ҰҚК Павлодар облысы әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғады .

Автор: Антон Гагарин


Соңғы жаңалықтар