Болат Бақауов: Павлодар облысындағы жүк тасымалдау тәртібін өзгертеміз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аймақ басшысы Ертіс өңірінде жолдардағы шамадан тыс жүк тасуға қарсы күрес жүргізілетінін еске салды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының әкімі Ертіс және Железин аудандарындағы жөнделетін жол учаскелеріне барды. Ол тек осы жылы ғана өңірде жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін атап өтті.

«Біз үш жыл бойы облыс жолдарымен жүйелі түрде айналысудамыз және жақсы әрі қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 82%-ға дейін жеткізе алдық. Оларды тиісті жағдайда сақтау үшін біз артық жүктермен күресті жалғастырамыз», - деп мәлімдеді Болат Бақауов.

Сонымен қатар, қайта тиеу фактісі үшін машина жүргізушісіне және жүк жөнелтушіге де айыппұл салынады. Басқаша айтқанда, артық жүктеме машинаға бүгін тиімді емес, өйткені діттеген пунктінің орнына айыппұл тұрағына қойылуы мүмкін. Алдағы күзде біздің облыста жүк тасымалдау мәдениетін өзгертеміз деп ойлаймын. Бүгінде мердігер ұйымдар Ертіс ауданы Голубовка ауылына апаратын жолды жөндеу жұмыстарын аяқтауда.

Железин ауданының Михайловка ауылына апаратын жолды ретке келтірді.

- Мен 1997 жылдан бастап Железин ауданында жұмыс істеймін және осы жол үшін әрқашан жаным ауырады, - дейді «Алтын жер» шаруа қожалығының басшысы Марат Морозов. - Әйтеуір біреудің осы жолға қолы тиді! Бұл нағыз жасалуы тиіс маңызды іс екеніне шүбә келтірмеймін. Біріншіден, ауылға дейін ыңғайлы асфальтпен жетеміз және жолдың сапасы үшін уайымдамаймыз. Екіншіден, жүктерді жеткізу уақыты қысқарды, бұл мен үшін бизнесмен ретінде өте маңызды.

Келесі жылы «Ленин - Русская поляна» жолының 80 шақырымын абаттандыруды бастау жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінеді. Железин ауданында «Железинка - Веселая роща - Мыңкөл» жолының бірнеше учаскелерін жөндеу жұмыстары жалғастырылады, сондай-ақ Кузьмино және Лесное ауылдарының арасындағы 14 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда. Егер жоба іске асырыла бастаса, оның құны 260 миллион теңгеден асады.



Соңғы жаңалықтар