Болат Бақауов Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысын тағайындады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісе отырып, облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Ағыбай Қойшыбайұлы Әмринді тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол 2012-2014 жылдар аралығында Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2014 жылдан 2016 жылға дейін Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының этика жөніндегі орынбасары болған. Бүгінге дейін Ақтоғай ауданын басқарып келді», - дейді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Ағыбай Әмрин 1972 жылы 9 мамырда Баянауыл ауданында туған. Мемлекеттік басқару саласында басшы қызметінде қомақты тәжірибе жинақтаған.

Соңғы жаңалықтар