+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Болат Бақауов: Павлодар әкімі сенімді ақтамады

2019 жылғы 2 шілде 20:56
Бөлісіңіз:
Болат Бақауов: Павлодар әкімі сенімді ақтамады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қала әкімі Әнуар Күмпекеевке қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы аймақ басшысы Болат Бақауов облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде айтты.

- Әнуар Күмпекеев қымбат пәтер сатып алуға байланысты бюджет қаражатын тиімсіз және ысырап еткені үшін сөгіс алды, - деді облыс әкімі. - Соған қарамастан, тағы да қателікке жол беріп, алты миллион теңгеге эбен жиһазын сатып алды. Президенттің бюджеттен артық шығындарды жұмсауға тыйым салу туралы тапсырмасын елемеді. 11 маусымда оған қатаң сөгіс жарияланды.

Облыс әкімі аппарат басшысына қала әкімінің міндеттерін орындау үшін Ермұрат Нұрхановтың атына өкім жобасын дайындауды тапсырды.

- Әнуар Күмпекеев саяси мемлекеттік қызметші ретінде сенімімді толығымен ақтамады. Тиісті құжаттар Президент Әкімшілігіне жіберілетін болады, - деді Болат Бақауов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT