Болат Бақауов «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобанына баға берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобанымен елордаға қалай жеткенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кеше осы жолмен 3 сағат 20 минутта келдім, ешкім арнайы алып жүрген жоқ. Жол өте жақсы, екі жерде – Шідерті мен Қалқаманда әлі жұмыстар жүріп жатыр. Cоңғы ұсақ-түйек жұмыстар қалды. Қазір жол салынып бітті, мен айтқан екі учаскеден бөлек, айналма жол жоқ», - деді Б. Бақауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге, әкім Нұр-Сұлтанға қызметтік көлікпен келгенін айтты.
Еске сала кетсек, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобанының 1 желтоқсанда ашылатынын хабарлаған еді.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов елордада 2019 жылдың 10 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.
- Алматы әкімдігі қисайған үйдің тұрғындарын көшіруге дайын
- Бақытжан Сағынтаев жастардың Алматыдан неге кеткісі келмейтінін айтты
- Қазақстандық зейнеткерлер жеке табыс салығынан босатыла ма
- Белгісіз елордалық қардан көгершін мүсіндерін жасап, тұрғындарды қуантуда
-
СҚО-да соңғы үш жылда полицияның жеті қызметкері «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
-
Өңір дамуына үлес қосқан ақтөбеліктер марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам