Болат Бақауов көпбалалы анаға штаттан тыс кеңесші қызметін ұсынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов көпбалалы аналармен кездесті. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен кездесуге үш жүзге жуық адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір әкімдігінен мәлім еткендей, екі жарым сағатқа созылған жүздесу барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелері сөз болды.

Аймақ басшысы әрбір көпбалалы отбасының әлеуметтік төлқұжаты жасалатынын айтты. Сонымен бірге, ол әр көпбалалы отбасыға депутаттар, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары арасынан демеушілер тағайындауды ұсынды. Сондай-ақ, арнайы комиссия құрылып, оның құрамына көпбалалы аналар да енгізіледі.

Кездесуге келгендердің көпшілігі бүкіл отбасымен келді.null

«Әрине, Сіз заңды өзгерте алмайтыныңызды жақсы түсінеміз.Біз билік органдары халықтың мұң-мұқтажын білсін деп келдік», - деді төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Динара Салықова.

Көпбалалы отбасыларды толғандыратын басты мәселе - жәрдемақының көлемі.

«Төрт балаға мен ай сайын 10 500 теңге аламын. Балабақшалар балдырғандарды тек үш жастан ғана қабылдайды. Ал балаға берілетін жәрдемақы тек бір жасқа дейін төленеді. Бұл дұрыс емес!», - дейді ол.

Өз кезегінде облыс әкімі Динара Салықоваға осы мәселе бойынша құрылатын бастамашыл топтың құрамына қосылып, штаттан тыс кеңесші болуды ұсынды.

«Сіз көп балалы аналардың атынан сөйлеп тұрсыз ғой. Сондықтан сізге менің штаттан тыс кеңесшім болып, бастамашыл топтың құрамына кіруді ұсынамын», - деді Болат Бақауов.null

Аймақ басшысы өзі де көпбалалы отбасында дүниеге келіп, қазіргі кезде бес бала тәрбиелеп отырғанын айтты.

«Бала кезімнен еңбекке баулып өсірген ата-анама алғысым шексіз. Көпбалалы отбасылардың қиындықтары маған жақсы таныс. Біз облыстың қалалары мен аудандарында зерттеу жүргізіп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды анықтауды бастадық», - деді ол.

Аймақ басшысының айтуынша, мұндай жанұяларды тұрғын үй, әлеуметтік төлемдердің көлемін арттыру, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, балабақшаға орналасу, қоғамдық көліктегі жеңілдіктер мәселесі толғандырады. Облыс әкімі өңірдегі әрбір көпбалалы, аз қамтылған отбасы назардан тыс қалмайды деп сендірді.null

Салалық әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша, облыста 8625 көпбалалы отбасы бар. Олардың ішінде 3839 жанұя төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отыр.

Өңірдегі әлеуметтік осал топтардың отбасыларында тәрбиеленетін он үш мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. «Мектепке жол» акциясы бойынша осы оқу жылында он жеті мың балаға 150,8 мың теңгеге көмек көрсетілді. Бұл соманың 63,5 миллион теңгесі бюджеттен тыс қаражат. «Қамқорлық» акциясы бойынша жыл басынан бері 8738 балаға 77 млн теңгенің көмегі көрсетілді, бұл соманың 27,2 миллион теңгесі бюджеттен тыс қаражат.

Аймақ басшысы атап өткендей әлеуметтік осал отбасыдан шыққан студент жастар да назардан тыс қалмайды. Оларға тегін ыстық тамақ, 4 АЕК көлеміндегі жолақының өтемі, жатақханаларда тегін тұру, қоғамдық көліктегі 50 пайыз жеңілдік секілді қолдау шаралары қарастырылған. Сонымен бірге, оларға жұмысқа орналасу, оқуға түсу және тегін медициналық көмек алу бойынша да қолдау көрсетіледі.

Әлеуметтік осал топтың отбасыларының проблемалары жергілікті әрі үкіметтік деңгейде шешілетін болады. Аймақ басшысының орынбасары мұндай кездесулерді тоқсан сайын, ал облыс әкімі жарты жылда бір рет өткізіп отырады.

Соңғы жаңалықтар