Болат Бақауов: Картоп экспорты бойынша проблема жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында картоп экспорты бойынша проблема жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде аталған өңірдің әкімі Болат Бақауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, облыста жиналған картоптың (519,9 мың тонна) көлемі 7 пайызға артты.  Жиналған өнім өңірді толықтай қамтамасыз етеді, сондай-ақ 134 мың тонна ел ішінде және шетелге экспортталады.

«Түрлі нарықтарға ұнды, картопты экспорттаймыз. Өткен жылы Өзбекстанға 80 мың тонна картоп жөнелтсек, ал биыл 70 мың тоннаға келісімшарт бар. Былтырдан бері Түркияға жасымық экспорттап жатырмыз. Бізде өнімді сатуға қатысты проблема жоқ, бірақ бағаға қатысты мәселе болды. Дегенмен де бүгінде астық пен көкөніске баға тұрақталып келеді», - деді Болат Бақауов.null 

Бұдан бұрын хабарланғандай, өңір әкімі Павлодар облысында коммуналдық қызметтердің тарифі төмендейтінін айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар