+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Болат Бақауов екі айға қамауға алынды

2020 жылғы 18 қаңтар 00:09
Бөлісіңіз:
Болат Бақауов екі айға қамауға алынды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды. Шешім Павлодардвқ мамандандырылған тергеу сотында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде іздеу салынған қылмыскер Павлодар облысында қолға түсті Оралда бір күнде екі кісі өлтіру дерегі тіркелді Наурыздан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 33 қазақстандық көз жұмды

«Бақауовты екі айға қамауға алу шарасы санкциялансын. Қамауда ұстау мерзімі ұсталған уақытынан бастап есептелсін»,-деді мәжіліс барысында судья Балтабай Дүнбекбаев.

Болат Бақауовқа Қазақстанның Қылмыстық Кодексінің 362 бабы 4-ші бөлігі үшінші пункті бойынша қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр. Аталмыш баптар өзіне және өзге азаматтар мен ұйым үшін пайда табу мақсатында қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дегенді білдіреді. Мұндай қылмыс жасағаны үшін мал-мүлкі тәркіленіп, 5-тен 10 жылға дейін сотталады және қандай да бір лауазымды атқаруға тыйым салынады.

Прокурор Рустам Сәдуақасов соттан Болат Бақауовты екі айға немесе 16 наурызға дейін қамауда ұстауды сұрады. Себебі облыстың экс-әкім бостандықта жазадан қашып болмаса тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін.

Өз кезегінде Болат Бақауов өзіне тағылып отырған айыппен келіспейтінін айтты.

Осыған дейін ҚР ҰҚК Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғағаны хабарланған болатын.


Антон Гагарин
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT