Болат Бақауов: Ауылдағы жас педагогтарға баспанамен көмектесу керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Павлодар облысында баспанаға мұқтаж ауыл мұғалімдерінің 10 пайызы ғана үймен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ауылда жұмыс жасауға аттанған жас мамандардың көбісін мазалайтын мәселе жайлы аппараттық жиында тағы да сөз қозғалды.

«Биыл облыстағы білім беру ұйымдарына 112 жас маман келді, - деді білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы. - Алайда, үй беру мәселесі бұрынғыдай өзекті болып отыр. Өткен жылы ауылдық мектептердегі 335 маманның 33-і ғана ведомстволық және жалға берілетін баспанаға қолы жеткен. Қалғандары біреудің үйінде немесе ата-анасымен тұруда».

Павлодар облысының әкімі орын алып жатқан жағдайдың себебін анықтауды тапсырды. Өйткені, ауылдарда екінші нарықтағы үйлермен мәселе жоқ. Ал жас мамандарға арнайы көтерме ақы төленеді.

«Жағдайды сараптаудан өткізіп, соңғы екі жылда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы келгендермен жұмыс жасаңыздар, - деді өңір басшысы. - Егер бұл бағдарламаға бөлген ресурс жетпесе, айтыңыздар. Егер екінші нарықтағы үйлер жоқ болса, бізге жеткізіңіздер. Егер баспанамен көмектесе алмасаңыздар ауылға кадрларды қалай орналастырмақсыздар? Бұл сұрақты бірінші кезекте шешу керек. Олай болмаған жағдайда жас маман бір жылдан кейін кетіп қалады да, көтерме ақыны қалай қайтаратынын білмей басы қатады».

Сонымен қатар, Болат Бақауов бос қалып жатқан аграрлық колледждердің ғираттары жөнінде тағы да қол астындағыларының есіне салды.

«Өткен аптада Успен ауданындағы колледжбен не болып жатқанын көрдік, - деді облыс әкімі. - Бұл оқу мекемесі ғимарттарының 30 пайызы қолданылмайды. Бұл жерде шұғыл амал қолдану қажет. Қиратылса ешкімге бере алмаймыз. Сондықтан әзірге ғимарат бүтін және жылу берілетін жағдайда тұрғанда кімге беру керектігін ойлаңыздар. Бұл сол жердегі әкімдерге де байланысты».

Соңғы жаңалықтар