Болат Ақшолақов электр станцияларын жаңғырту жобалары туралы айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздегі электр станцияларын жаңғырту жобалары 2027 жылға дейін энергия қуатын көтеруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Президенттің ҚР Парламенті сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау кезінде Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшу жоспарланып отырғанына тоқталған ол:

«Нарықтың жаңа моделі электр энергиясына қатысты қажет жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту бойынша жобалар іске асырылып жатыр. Олар 2027 жылға қарай 1 700 МВт-тан астам электр энергиясын іске қосуға мүмкіндік береді. Қызылорда қаласында және Түркістан облысында жалпы қуаты 1 200 МВт-тан асатын маневрлік қуаттардың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ Көкшетау және Семей қалаларында жаңа Жылу электр орталығын салу бойынша жобалар пысықталып отыр», - деді.

Оның айтуынша, Екібастұздағы ГРЭС-2-нің №3-4 блоктарын салу, сондай-ақ Алматы энергия кешенінің энергия көздерін жаңғырту бойынша жобаларды іске асырылып жатыр.

Бұдан басқа, Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс және Оңтүстік аймақтардың энергия жүйесін күшейту, Батыс аймақты Біртұтас электр энергетикасы жүйесіне қосу жұмыстары қамтылған.


Соңғы жаңалықтар