«Bolashaq» қауымдастығы сайлау өткізу туралы шешімді қолдайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Bolashaq» қауымдастығы «Nur Otan» партиясы съезінің шешімін бірауыздан толық қолдайды. Бұл туралы қауымдастық жариялаған мәлімдемеде айтылады.

«Тәуелсіздігімізге қол жеткізген шақта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1993 жылы «Болашақ» Халықаралық стипендиясын құру туралы жауапты шешімін қабылдауға бел буды, аталмыш жоба бәсекелестікке қабілетті ұлтты қалыптастыруға бағытталған ең маңызды жобалардың бiрiне айналды. 2001 жылы «Болашақ» стипендиясы түлектерінің Қауымдастығы құрылды. Қауымдастық - бұл тұрақты даму саясатын жүзеге асыруға, қызметкерлердің сабақтастығын қамтамасыз етуге, жаңашылдық жолымен өткеннің дәстүрлерін сақтап қалуға біріккен мүдделес азаматтар қоғамы. Қауымдастықтың басты мақсаттарының бірі - Отанымыздың экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына үлес қосу. Бұл өз кезегінде «Nur Otan» партиясының мақсаттарымен тұспа-тұс келеді», делінген мәлімдемеде.

«Bolashaq» қауымдастығының мәлімдемесінде Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бойы барлық жағдайларда мемлекеттік даналық пен стратегиялық айқындық танытып келгені айтылады.

«Қазақстандағы саяси жағдай тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімінің, елдің барлық азаматтарының мүддесі үшін демократия мен мемлекеттік институттардың дамуының бірегей үлгісін бүкіл жаһанға көрсетеді. Қазақстанның тұрақты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін теңгерімді бастамалардың көзі ретінде елдің дамуында маңызды рөл атқара алады және атқаруы тиіс. Бүгінде біз ішкі және сыртқы саясатымыздың сабақтастығын, тұрақтылығын растауымыз керек. Елімізде әлеуметтік және саяси үйлесімділікті қолдау мақсатында мемлекеттік стратегияларын және әлеуметтік бағдарламаларын табысты іске асыруды жалғастыру қажет. Сайлау біздің еліміздің дамуына, геосаяси және экономикалық тұрақсыздықтың жағымсыз әсерін болдырмауға, халықтың бірлігін нығайтуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Олай болса, сайлауды ағымдағы жылда өткізу тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі үшін алдымызға қойып отырған мемлекеттік бағыттың шешуші жалғасы болып табылады. Біздің таңдауымыз отансүйгіштіктің, мемлекеттің және қоғамның болашағы үшін жоғары азаматтықтың және жауапкершіліктің үлгісі болуы тиіс!» - делінген мәлімдемеде.

Соңғы жаңалықтар