Bolashaq Business Forum: Отандық кәсіпкерлер өз тәжірибесімен бөліседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада кәсіпкерлерге арналған «Bolashaq Business» форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің ең табысты кәсіпкерлерінің басын қосатын «Bolashaq Business Forum» 12 қаңтар күні елордада өтеді. Форумда танымал кәсіпкерлерден бөлек, «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен «Болашақ» қауымдастығының мүшелері өздерінің табыс табудағы тәжірибесімен бөлісетін болады.

Одан бөлек, шара барысында белгілі халықаралық компаниялардың шеберлік сабақтары мен таныстырылымдары өтеді деп күтілуде.

«Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін форумның ресми серіктесі - «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы.

Соңғы жаңалықтар