Болашақта Қорғас үлкен шаһарға айналады - Елбасы

None
None
  АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қорғас» пен «Құрық» порттары құрылысына жұмылдырылған құрылысшыларға алғысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Айта кетейік, бүгін Маңғыстау облысында Құрық портындағы көлік хабын таныстыруға арналған салтанатты шара өтті. Оның аясында ұйымдастырылған телекөпір барысында Құрық портымен «Ақжігіт - Бейнеу» республикалық автожолының құрылысшылары және «Қорғас - Шығыс қақпасы» Арнайы Экономикалық Аймақтағы құрғақ порттың жұмыскерлері байланысқа шықты.

«Қазіргі сәтте «Қорғас» құрғақ порты тұрақты контейнерлік пойыздарды «Құрық» порты бағытына, сондай-ақ ары қарай Транскаспийлік дәлізбен Еуропаға жөнелтпек. Аталған логистикалық тізбек Қытай, Кавказ және Еуропа үшін тартымды болып отыр. Осы орайда бірқатар елдердің мультимодальдық бағдарларын байланыстыратын пойыздың жүруіне рұқсат беріңіз», - деді «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА БК» АҚ Бас директоры Мұрат Баймұханбетов.

null

Өз кезегінде Елбасы аталған тұрақты контейнерлік пойыздың қозғалысын бастауға рұқсат берді. 

«Біраз уақыттан бері «Қорғасты» толық қуатына қосу үшін жұмыс істеп келеміз. Болашақта Қорғас үлкен шаһарға айналады және жүк өткізуде ауқымды торап болады. Менің ойымша, Қытай провинциялары осы порт арқылы жүктерін тасымалдайды. Сәйкесінше, біздің Орталық Азиядағы барлық көршілеріміз бен Ресей бұл портты пайдалану мүмкіндігіне ие. Атқарған жұмыстарыңыз үшін алғысымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы. 
null

null
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Президенті Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолды ашуға рұқсат берді. 

Соңғы жаңалықтар