Болашақта электромобильдерге деген сұраныс арта түседі - ҚАҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев электрмобильдер нарығын дамытуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйым басшысының айтуынша, болашақта электрмобильдерге деген сұраныс арта түседі. Оған ешқандай кедергі болмауы тиіс. Әйтпесе, бензин мен дизельмен жүре береміз деп, артта қалуымыз әбден мүмкін.

«Ашығын айту керек, бүгінде бәрі бірдей электрмобильдерді қолдап отырған жоқ. Кезінде біз смартфондарды да бірден қабылдаған жоқпыз. Әлі есімде, 2007 жылы іргелі басылымдар «Ericsson»-нан артық телефон жоқ» деп жарыса жазды. Nokia-дан асқан телефон болмайды деп ойладық. Қазір осы саладағы нарық түбегейлі өзгерді. Смартфонсыз өмір сүру мүмкін емес. Өйткені ондай телефонмен ыңғайлы, тиімді әрі жылдам байланысқа шығуға болады. Сол сияқты электрмобильдердің де артықшылықтары көп», - деді А.Лаврентьев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның ойынша, Қазақстанда электромобильдер нарығын дамытуды тездетіп қолға алу қажет. Алайда бұл бағытта кедергілер де жоқ емес.

«Меніңше, кейбір ұйымдар тарапынан қарсылық бар. Бизнес те қатты қызығушылық танытып отырған жоқ. Адамдардың өздері де бензинмен жүруге үйреніп қалды. Дегенмен, бізді бірқатар әкімдіктердің ұстанымы қуантады. Мәселен, Астана, Ақтау, Павлодар мен Атыраудың әкімдіктері электрмобильдердің инфрақұрылымын қоғамдық көлік саласынан бастауға шешім қабылдады», - деп атап көрсетті А.Лаврентьев.

null

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның автобизнес қауымдастығы өткен жылдың қорытындысын шығарды.

Ұйымның вице-президенті Анар Мақашеваның айтуынша, өткен жылы қазақстандықтар 60 мың жаңа көлікті сатып алды. Соның тең жартысы - өз елімізде құрастырылған автомобильдер. Жалпы, Қазақстан xалқы жаңа көліктерді сатып алуға 547 млрд теңге жұмсады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 24 процентке артық.

Ал Үкімет отандық көлік маркасын жасап шығаруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар