+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Болашақта Бурабай курорты қалай өзгереді

2020 жылғы 17 қаңтар 21:23
Бөлісіңіз:
Болашақта Бурабай курорты қалай өзгереді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бурабай курортында халықаралық және қалааралық автобустар аялдайтын, сондай-ақ, жеке такси тұрағы бар модульді автовокзал салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстанның көне қалаларын көрсететін туристік маршрут ашылды Маңғыстауға келетін туристер саны өсті Минералды суымен аты шыққан Сарыағашта туризмді дамыту көзделіп отыр

Бұл туралы Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдің 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және алдағы жоспарлары жайында өткен брифингте айтты.

«Аудан экономикасының басты бағыттарының бірі – туризмді дамыту. Бүгінгі күні «Щучье – Бурабай» курортты аймағының туристік инфрақұрылымына 178 нысан кіреді.

2019 жылдың соңында 22 нысанға санатына байланысты «жұлдыз» сертификаты тапсырылды. 2020 жылы бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады. 2019 жылы құны 19 миллиард теңгеден астам инвестицияға 16 туристік нысанның құрылысы жүргізілді. Бурабай кентінде көпбейінді кешен және «Ақ бура» жаңа курорты аймағаны салу «Щучье – Бурабай» курортты аймағын дамытуға септігін тигізбекші. Туристерді тартуда 29 туристік саяхат бағыты әзірленіп, бекітілді. Лапландия, Абылай хан алаңы және Этно ауыл тәрізді туристік орындарға «Shale Bus» пилоттық бағыты ашылды», - деді Әсет Мұздыбаев.

Сонымен қатар, аудан әкімі ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнесту дамыту мәселелеріне де тоқталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT