USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

«Болашақпен» оқып келген жастар еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүр - Тоқаев

2021 жылғы 8 желтоқсан 11:32
Бөлісіңіз:
«Болашақпен» оқып келген жастар еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүр - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жастарға жан-жақты қолдау көрсету - мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Бұл туралы бүгін Ақордада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын салтанатты табыстау шарасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жастар арасындағы мәселелерді тиімді шешуге ерекше мән беру керек - депутат Қарағандылық жастар мен зейнет жасына жақындаған азаматтар жұмыспен қалай қамтылады ҚР Президенті Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді

«Тәуелсіздік жылдарының ішінде Қазақстанда азаматтардың жаңа буыны, оның үстіне лайықты буыны өсіп шықты. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету - мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі саналады. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының алғашқы жартысындағы жүйелі дағдарыс жағдайында Қазақстан ауқымды «Болашақ» бағдарламасын іске қосты. Бұл - Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы болатын. Осы бағдарламаның арқасында еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған жас әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алды және білім алып та жатыр. Олардың көпшілігі қазірдің өзінде Қазақстанның кезең-кезеңімен дамуына өз үлесін қосып келеді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT