Болашақпен Нью-Йорк пен Лондонда оқитын қазақстандықтар ай сайын 2 мың доллар  стипендия алады
2022 жылғы 6 мамыр 22:25

Болашақпен Нью-Йорк пен Лондонда оқитын қазақстандықтар ай сайын 2 мың доллар стипендия алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Болашақ» бағдарламасымен Нью-Йорк пен Лондонда оқитын қазақстандықтар ай сайын 2 мың доллардан асатын стипендия алады. Бұл туралы ҚазАқпарат орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандықтар магистратура, докторантура, резидентурада бағдарламалары бойынша білім алып, ғылыми тағылымдамадан өте алады.«Болашақ» бағдарламасының шарттарына сәйкес мемлекет студенттерге оқу ақысын, екі жаққа ұшып қайтуды, сондай-ақ визалық алымдарды, медициналық сақтандыруды, ай сайынғы стипендияны және оқу материалдарын сатып алу үшін жәрдемақы төлейді. Стипендия мөлшері белгілі бір елдегі қалаға және өмір сүру деңгейіне байланысты өзгереді. Мысалы, Нью-Йорк пен Лондонда ай сайынғы стипендия 2 мың АҚШ долларынан асады»,- делінген білім орталығының хабарламасында.

Айта кетейік, жақында Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері Astana IT University ұйымдастырған «AITU Career EXPO 2022» мансап көрмесіне қатысып, халықараралық бағдарламаның артықшылықтары, шетелдік жоғары оқу орындарына білім алу, оның ішінде тағылымдамадан өту бойынша кеңес берді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT