«Болашаққа бастаған жарқын 20 жыл» атты мерекелік шара өтті
Мерекелік салтанатқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Түркия Республикасының Парламент төрағасының орынбасары Мехмет Саглам, Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Омер Тузель, Түркия еліндегі «Фатих» университетінің ректоры, профессор Шериф Али Текалан, «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры президенті Мехмет Месут Ата, Сүлейман Демирел университетінің ректоры, профессор Месут Акгүл, ҚР Президенті әкімшілігінің өкілдері, Парламент Сенатының депутаттары, Республикалық білім орталықтарының жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты. Шара аясында жастарға сапалы білім мен тәлімді тәрбие беріп, Қазақстанның оқу-ағарту саласының дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан қазақ-түрік лицейлерінің ұстаздары арнайы марапатқа ие болды.
Еске салсақ, Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы қарым-қатынас тəуелсіздіктің алғашқы жылдары қарқынды дамып, еларалық келісім негізінде «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры құрылған болатын. «Еліміздің білім саласының дамуына ықпал етіп, дарынды жастарды дайындауға, олардың жарқын болашағын қалыптастыруға жол ашатын қазақ-түрік лицейлері ашылды. Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы саны, 29 қазақ-түрік лицейлері, сондай-ақ, еліміздің бас қаласы - Астанада және Өскемен қаласында «Нұр Орда» халықаралық білім кешені, Алматы және Тараз қаласындағы колледждер, Алматыдағы Сүлейман Демирел атындағы университет бар» делінген баспасөз хабарламасында.