«Болашақ» түлектерінің жұмысқа орналасуына жағдай жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бағдарлама түлектеріне арналған Bolashak Job Fair 2014 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізеді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Bolashak Alumni Relations Office (BARO) Түлектермен жұмыс бөлімі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал ету мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізеді. BARO үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу - «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен жұмыс ұсынушылардың жұмысқа орналастыру, адами ресурстарды дамыту және кәсіби тұрғыда өсу алаңын құрудың дәстүрлі әдісіне айналып отыр», делінген Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінде.

Жәрмеңке бағдарламасында жұмыс ұсынушылардың ең қызықты таныстырылымдары, тестілеу, кәсіби сұхбаттар және компания топ-менеджментінің «Болашақ» бағдарламасы түлектерімен танысуы қарастырылған. Сонымен қатар, бұл күні Bolashak Alumni Relations Office ұжымы «болашақтықтардың» жұмыс іздестіруіне арналған http://resume.bolashak.gov.kz/ сайтын ресми түрде іске қосады.

«Bolashak Job Fair 2014 - үміткерлер үшін де, компаниялар үшін де маңызды шара екенін айта кеткен жөн. Мұнда әрбір түлек өзіне қажетті жұмыстың жай-жапсары, міндет-мақсаты, еңбекақысы туралы біледі, өз мүмкіндіктерін бағалайды, бір күн ішінде ондаған жұмыс берушілермен байланыс орнатады әрі жұмыс іздеуге кететін уақытын үнемдейді.

Іс-шараға 500-ден астам «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен 50 жұмыс ұсынушы компания өкілдері қатысады. Олардың арасында мемлекеттік және жекеменшік мекемелер, халықаралық ұйымдар мен ұлттық компаниялар бар»,-дейді орталық өкілдері.

Соңғы жаңалықтар