«Болашақ» түлегі Nur Otan партиясы филиалына басшылық лауазымға тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып «Болашақтың» түлегі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Евгений Глотов «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. СҚО әкімі, Nur Otan партиясы СҚОФ төрағасы Құмар Ақсақалов Евгений Глотовты саяси кеңес бюросына және филиал аппаратына таныстырды. Евгений Сергеевич 1987 жылы туған. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Лондонда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып, құқық саласының магистрі атанды, үш тілді жетік меңгерген. Бүгінгі тағайындауға дейін ол Петропавл қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Өңір басшысы бұған дейін төраға орынбасары қызметін атқарған Артур Молдағұловқа бірлескен партиялық жұмыс үшін алғысын білдірді. Артур Молдағұлов мемлекеттік қызметке ауысады.

Облыс әкімі Елбасының тапсырмасына сай өңірде үлкен жобалар іске асырылып, қомақты қаржы құйылатынын жеткізді. Тиісінше қатаң партиялық бақылау қажет.

«Ашық бюджет» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Әкімдіктердің интернет сайттарында азаматтар бюджеттің қалай жұмсалып жатқанын бақылай алады. Интерактивті карта жасалуда, ол жерде құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу барысын қадағалауға мүмкіндік туады. Жуық арада жөндеу және құрылыс науқаны басталады. Партия тарапынан қатаң бақылау керек. Депутаттар, партия белсенділері және аудандық құрылымдарды осы жұмысқа араласуға шақырамын. Барлық іс-әрекеттерді, заңсыздықтарды тіркеу қажет. Сапасыз жұмысқа жол берілмесін. Осындай фактілер тіркелсе, мердігерлерді қайта жасауға міндеттеу қажет», - деді Құмар Ақсақалов.
null

Евгений Глотов өз кезегінде көрсетіліп отырған сенімге алғысын білдірді.

«Мемлекетіміз үшін өте маңызды саяси шаралар өткелі жатыр. Мен үшін Елбасы басқарып отырған партияда еңбек ету - үлкен абырой. Өз қызметімді атқару барысында бар білімімді жұмсап, абыройлы еңбек етемін», - деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Евгений Глотов.

Соңғы жаңалықтар