+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

2019 жылғы 30 қараша 10:14
Бөлісіңіз:
«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды. 234 үміткерді аты-жөні бар толық тізім жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша 234 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай-ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады», делінген хабарламада.

Толық тізімді мына сілтемеден көруге болады.

Еске сала кетсек, Ақордада Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірқатар мәселе талқыланды.

«Болашақ» стипендиатының мүліктік кепілі жұмыс беруші келісімшартымен алмастырылуы мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари осылай мәлім еткен еді.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясына арналған квотаның барлық түрі алынып тасталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT