«Болашақ» стипендиясын кімдер иеленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Болашақ» президенттік стипендиясын иеленгендердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тізім «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында жарық көрді.

Барлығы 171 адам «Болашақ» стипендиясын алатын болды.

«Еске саламыз, иегерлерді іріктеу ережесінің 27 пунктіне сай шетелде мамандарды дайындау бойынша Республикалық комиссияның «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешімі шыққан соң 90 күннің ішінде қоғаммен келісімге отыру шарт. Бұл үшін сайтта жарияланған келісімге отыру туралы мағлұматтармен танысып шығу керек. Егер 90 күн ішінде келісім шарт жасалмаса Ереженің 28-тармағына сәйкес акционерлік қоғам «Болашақ» стипендиясын қайтарып алу туралы мәселені қарайтын болады», - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері.

Толық тізімді мында көруге болады.

Айта кетерлігі, кеше ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы барысында 171 адамға «Болашақ» стипендиясы тағайындалды .

Соңғы жаңалықтар