«Болашақ» стипендиатының мүліктік кепілі жұмыс беруші келісімшартымен алмастырылуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алғысы келген азаматтар мемлекет алдындағы мүліктік кепілін болашақта жұмыс берушінің келісімшартымен алмастыра алуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымен де, кепілдік мүлікпен қамтамасыз ету мәселе бар. Біз жаңа ереже аясында жұмыспен өтеумен қатар кепілдік мүлікке де қатысты ыңғайлы әдісті қарастыратын боламыз. Шетелге оқуға жіберуге тапсырыс беруші, Халықаралық бағдарламалар орталығы және университет арасында бірлескен үшжақты келісімшарт жасасу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, келесі жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының ережесі өзгереді. Оған сәйкес, 2020 жылдан үміткерлерге жаңа талап қойылады.

Атап айтқанда, басымдыққа ие мамандықтарға баса назар аударылады. Стипендияға үміткерлер ағылшын тіліне жетік болғандықтан келесі жылдан бастап шетелге жібермес бұрын тілдік дайындықтан өту талабы алынып тасталады. Сонымен қатар, «Тағы бір жаңалық - біз мемлекеттік қызметшілер үшін, инженерлік-техникалық мамандықтар үшін квотаның барлық түрі жойылады.

Соңғы жаңалықтар