«Болашақ» степендианттары ДДҰ мақұлдаған вакцинаны қайта ала алады
2022 жылғы 13 қаңтар 11:40

«Болашақ» степендианттары ДДҰ мақұлдаған вакцинаны қайта ала алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасының стипендианттарына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарға қол жетімділік қамтамасыз етілді.

Бұл мәселе Білім және ғылым министрлігінің өтініші бойынша коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.

Нәтижесінде ВАК стипендиаттарды ДДҰ мақұлдаған вакцинамен вакцинациялауға рұқсат берді.

Осындай шешімнің арқасында «Болашақ» стипендиясының иегерлері ДДҰ мақұлдаған вакциналарды алған кезде ғана кіруге рұқсат етілген елдерге кедергісіз бара алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 8 қарашасынан бастап АҚШ-қа ДДҰ мақұлдаған вакциналар алған адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі. Бұл тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac вакциналары кіреді. Ұқсас ережелер Австралияға және бірқатар басқа елдерге кіру үшін де қолданылады.

«Австралияға, Канадаға, Жаңа Зеландияға, АҚШ-қа және Жапонияға оқуға немесе тағылымдамадан өтуге баратын «Болашақ» стипендиаттарының оқуларына кедергі келтірмеу үшін БҒМ ДСМ-ге ДДҰ мақұлдаған вакцинаны беру мүмкіндігін қарау туралы хат жолдады. Аталған елдердің аумағына кіру үшін ДДҰ мақұлдаған препараттардың екі дозасымен толық вакцинациялау қажет екенін атап өткен жөн. ВАК біздің ұсынысымызды қолдады. Нәтижесінде BIBP/Sinopharm вакцинасын алуға рұқсат берілді», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.


Jańalyqtar

MURAǴAT