Болашақ өрт сөндірушілер Көкшетау көшелерін дезинфекциялап жүр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты енгізілген төтенше жағдай және карантин кезінде Көкшетау техникалық институтының жеке құрамынан құрылған арнайы жасақ Көкшетау қаласының көшелерін дезинфекциялауға кірісті. Бұл туралы қала әкімінің Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Жасақта 20 адам бар. Облыс орталығы әкімдігінің қолдауымен отрядтың қорғаныс киімі, қорғаныс құралдары, аумақты дезинфекциялайтын арнайы қондырғылары бар. Жасақ карантин мерзімінің соңына дейін жұмыс істейді», - дейді Көкшетау техникалық институтының басшысы Сырым Шәріпханов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша барлығы 50 блокбекет орналасқан. Оның ішінде 12 блокбекет Көкшетау қаласына кіріп-шығатын жолдарда.

Нақтырақ алсақ, «Көкшетау - Рузаевка», «Көкшетау - Омбы» жолы, айналма жолдағы Есіл жанар-жағар май құю стансасының маңы, Қарасай шоссесінің 7-шақырымы, Симферополь кенті КТИ полигоны, Краснояр ауылынан шыға берісте, «Нұр-Сұлтан-Көкшетау», «Көкшетау-Зеренді» тасжолы, Қызыл жұлдыз ауылынан шығаберіс тәрізді бағыттарда блокбекеттер орналасқан.


Соңғы жаңалықтар