+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері анықталды

2020 жылғы 19 қыркүйек 17:16
Бөлісіңіз:
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болған үміткерлер тізімі жарияланды. Ол туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең алдымен вице-министр халықаралық стипендияны тағайындауда әділдік пен ашықтық қамтамасыз ету жолында жасалған басты қадамдарға тоқталып өтті.

«Стипендиаттарды іріктеу Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу үлгісі бойынша толығымен автоматтандырылған. Конкурстық іріктеудің әр кезеңі прокторинг жүйесі арқылы цифрландырылған және бейнетіркеуге алынды. Біз кешенді тестілеу мен сұхбаттасу процесін өткізу тәсілін сапалы етіп өзгерттік. Үміткерлер оқу орнына өз бетімен түсуі тиіс, сондықтан пәндік сұрақтар қойып, тексерудің қажеті жоқ. Оның орнына біз үміткерлердің талдау, сыни ойлау, фактілерді түсіндіру дағдыларын және ерекше жағдайларда бейімделу қабілеттерін бағалауға назар аудардық» - деді М. Дәуленов.

Оның айтуынша, республикалық комиссияның шешімімен «Болашақ» стипендиясы 106 үміткерге берілді.

«Тағы бір басты жаңалық, барлық стипендианттың білім алу барысы бойынша мониторинг Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа порталында цифрлық форматта жүзеге асырылатын болады. Енді стипендиаттарға жарты жылда бір рет транскриптерді сканерлеудің, есептер жазудың және анықтамалар жіберудің қажеті жоқ. Барлық дерек блокчейн технологиясына негізделген жүйеде жиналады. Ал сол жүйедегі кез келген өзгерістер автоматты режимде тіркеліп, сақталады. Бұл стипендианттарға қатысты ақпараттың негізсіз өзгеруіне жол бермейді», - дейді ол.

Стипендиаттардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT