«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге толық мәліметтерді жеткізу мақсатында көшпелі кездесулер өткізіледі

None
None
АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірлерінде ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге толық мәліметтерді жеткізу мақсатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ көшпелі кездесулер өткізеді.

Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Аталған кездесулер Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларында өтеді. Іс-шараның мақсаты - ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге 2010 жылғы қабылдау конкурсының шарттарымен таныстыру, іріктеу ережесін түсіндіру», делінген баспасөз баянында.

Мұндай көшпелі кездесулер үміткерлердің құжаттарын қабылдау науқаны барысында жүргізіледі және осыған дейін Петропавл, Қызылорда, Қостанай қалаларында өткен болатын.

Қазіргі уақытта «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің 27 елінде 3000-ға жуық стипендиат білім алуда. 17 жыл ішінде 2176 қазақстандық шетелде білім алып, елге оралды.

Соңғы жаңалықтар