«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болған 57 үміткердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін мәлім еткеніміздей, 30 қазан күін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия 2 мәселені қарады: конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге «Болашақ» стипендиясын тағайындау және жекелеген азаматтарды «Болашақ» халықаралық стипендиясынан айыру.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 57 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған болатын.

Бүгін стипендиаттардың тізімі жарияланды. Тізімді мына жерден көруге болады.

Айта кетейік, с типендия иегерлері University College London, New York University, King’s College London, ETH Zurich – Swiss Federal Institute of Technology, Technical University of Denmark, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті іспеттес әлемнің үздік жоғары оқу орындарына өз бетімен түскендер.

Биыл алғаш рет конкурстық іріктеу – кешенді тестілеу және тәуелсіз сараптама комиссиясы мүшелерімен сұхбаттасу Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу үлгісі бойынша толығымен автоматтандырылды және пандемия жағдайында онлайн өтуде.

2020 жылға барлығы 555 стипендия бөлінген, оның 395-і магистратура бағдарламасы, 50-і докторантура бағдарламасы және 110-ы тағылымдамадан өтуге арналған.

Осылайша, 16 қыркүйек және 30 қазан күндері өткен Комиссияның екі отырысының қорытындысы бойынша 163 стипендия тағайындалды. Олар: «магистратура» – 143, «докторантура» – 13 және «тағылымдама» бағдарламасы бойынша 7.

Қалған стипендиялар саны келесідей:

«Магистратура» мен «резидентура» бағдарламалары бойынша 252 стипендия келесі бағыттар бойынша: сәулет және құрылыс – 8, гуманитарлық мамандықтар – 19, жаратылыстану ғылымдары – 18, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету – 31, инженерлік-техникалық мамандықтар – 80, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 30, өнер – 3, білім беру – 37, ауыл шаруашылығы және ветеринария – 25, әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық – 1;

«Докторантура» бағдарламасы бойынша 37 стипендия келесі бағыттар бойынша: сәулет және құрылыс – 2, гуманитарлық мамандықтар – 7, жаратылыстану ғылымдары – 5, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету – 5, инженерлік-техникалық мамандықтар – 6, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 3, өнер – 2, білім беру – 3, ауыл шаруашылығы және ветеринария – 3, әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық – 1;

«Тағылымдама» бағдарламасы бойынша 103 стипендия келесі бағыттар бойынша: сәулет және құрылыс – 5, гуманитарлық мамандықтар – 10, жаратылыстану ғылымдары – 10, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету – 9, инженерлік-техникалық мамандықтар – 10, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 10, өнер – 5, білім – 19, ауыл шаруашылығы және ветеринария – 15, әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық – 10 болып бөлінген.



Соңғы жаңалықтар