Болашақ бағдарламасының қырғызстандық баламасы ашылды

None
None
БІШКЕК. Кабар- ҚазАқпарат – Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Ел үміті» (Эл Умуту) халықаралық стипендиясының жаңа бағдарламасын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарт Қырғызстанның Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Бағдарлама әлемнің 100 жетекші университетінің бірінде магистратура мен докторантураға түскен жас қырғызстандықтарды шәкіртақымен қамтамасыз етуді қарастырады. Әзірге биылғы жылды 50 шәкіртақы бөлуден бастаймыз деп шештік. Шәкіртақы мөлшері таңдалған университетке байланысты, бірақ максимум 50 мың АҚШ долларын құрайды. Техникалық және инженерлік салаларға басымдық беріледі, бірақ, сіз экономика және гуманитарлық ғылымдарға да өтініш бере аласыз», - деп жазылған Қырғыз президентінің жарлығында.

Еске салсақ, 2005 жылы Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы жарияланып, жыл сайын 3 мың жас және талантты қазақстандықтар әлемнің жетекші оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Осы жылдар ішінде 11 мыңнан аса қазақстандық «Болашақ» бағдарламасымен білімдерін жетілдірді.


Соңғы жаңалықтар