+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

«Болашақ» бағдарламасындағы тіл білу талаптары жеңілдейді

2018 жылғы 11 шілде 17:38
Бөлісіңіз:
«Болашақ» бағдарламасындағы тіл білу талаптары жеңілдейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Болашақ» халықаралық стипендиясының үміткерлері үшін неміс, француз, корей және жапон тілдерін білу талабын минималды деңгейге дейін төмендету жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұсынылған өзгерістер Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

Бұл ретте ағылшын және қазақ тілдерін білу талаптары өзгеріссіз қалады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Австрия, Германия және Швейцария ЖОО-ларына түсу үшін неміс тілінен Гете институтының А1 деңгейлі сертификатын алу жеткілікті.

Франция мен Швейцарияда білім алу үшін TCF тестінен 100 ұпай жинап, DELF A1 деңгейіне жету қажет.

Кореяға бару үшін TOPIK бірінші деңгейіне қол жеткізсе болғаны, ал Жапонияға бару үшін - бесінші деңгейлі Nouryekushiken сертификаты болуы қажет.

Порталдағы талқылау 2018 жылдың 24 шілдесіне дейін жалғасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT