«Болашақ» бағдарламасында педагогтерге арнайы квота бөлінеді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі «Болашақ» бағдарламасы мен «500 ғалым» жобасында педагогтерге арнайы квота бөлінетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін әдістемелік сүйемелдеу жұмысын жетілдіру қажет. Педагогикалық бағыттар үшін аккредиттеу стандарты қабылданады. Бұл стандарт оқушылармен кәсіптік бағдарлау жұмыстарын, білім бағдарламаларын жаңартумен қоса түлектердің біліктілігін растауға дейінгі кезеңдерді қамтиды»,- деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуына қарағанда, аталмыш мақсатпен «Педагог» кәсіби стандартын өзектендіруге жауапты жұмыс тобы құрылған.

«Біз оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп кәсіби стандарт негізінде мұғалімдерді сертификаттау моделін пысықтауды жоспарлап отырмыз.

«Болашақ» бағдарламасы және «500 ғалым» жобасы арқылы арнайы квота бөліп, педагог ғалымдардың әлеуетін күшейту жолымен педагогика ғылымы дамытылады», - деді Саясат Нұрбек.


Соңғы жаңалықтар