​«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың аяқталуына 4 күн қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламаларына түсуге өтінімдер eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу онлайн режимінде өтеді және 3 кезеңнен тұрады:

- кешенді тестілеу

- тәуелсіз сарапшы комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу

- кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін 2 негізгі құжатты ғана ұсынуы керек - «Болашақ» бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындар тізіміндегі шетелдік университеттен шақыру, сондай-ақ нәтижесі кемінде B1 деңгейіндегі мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат.


Соңғы жаңалықтар