«Болашақ» бағдарламасы талаптарын өзгерту керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасына қатысу талаптарын өзгертуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Білім және Ұлттық экономика министрліктерінде вице-министрлер «Болашақ» бағдарламасы үшін өз лауазымдарын аяқасты тастап кеткені белгілі. 45 жастан кейін қайдағы «Болашақ» бағдарламасымен оқу? Мұндай мысалдар аз емес, төмен деңгейдегі бірнеше мекемеде де осындай жағдай орын алған. Қызметкерлер басшысына келеді де, «Мені «Болашақ» бағдарламасымен оқуға жіберіңіз» дейді. Осылайша, магистрант атанып кете барады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Мемлекет басшысы осының салдарынан кезекті вице-министрдің бұрынғы вице-министр оқудан келгенше бір-ақ жылға тағайындалатынын түсіндірді.
«Бұл абсурд, бұл мемлекеттік қызмет емес. Сабақтастық қайда, қызметкерлердің институционалдық зердесі қайда? Президент Әкімшілігі бағдарламаға қатысу талаптарына өзгеріс енгізуі тиіс. Саяси қызметшілер, әрине, өз білімін жетілдіруге құқылы. Бірақ, мемлекет есебінен емес, бос уақытында өз қалауымен айналысқандары жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
- Шымкентте алдағы жылы 1045 дәрігер білімін жетілдіреді
- Тоқаев Сексеуіл кентінде мектепке теміржолдан өтіп баратын оқушылар мәселесін шешуді тапсырды
- Биыл Петропавлдағы әскери-техникалық мектепті 260 түлек бітірді
- Тоқаев Президенттік кадр резерві 4-кезеңінің қорытындысымен танысты
-
ҚР Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
-
Ертіс өңірінде 1-4 сынып оқушыларын мектептерде тегін тамақтандыруға 1,7 млрд теңге бөлінеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам